Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды
Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Реттеушінің бұл шешіміне Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өскені әсер еткен. Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алғанымен түсіндіріледі.