Әлеумет

Сотталған адамды азаптаған: колония қызметкері сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі", – делінген хабарламада.

Соталды тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.