Қоғам

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

The final spritzer

Қазақстан Қырғызстанға 2000 тонна дизель отынын гуманитарлық көмек ретінде жіберді. Бұл туралы KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі хабарлады.

Мұндай көмек  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен  ұйымдастырылған. Гуманитарлық көмек ақпан айының 2 сі күні Бішкек ЖЭО-да болған апаттың салдарын  жоюға бағытталыпты. "Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады",- делінген агенттік хабарламасында.

 Гуманитарлық жүктің алғашқы легі саналатын  1000 тонна дизевль отыны Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты   «Резевр» РМК-нің «Заря» филиалында вагон-цистерналарға тиеліп, 28 ақпанда Қырғызстанға  жөнелтілген еді.

Oimaqnews