Қоғам

Астаналық оқушылар мал сүйектерінен әр түрлі туындылар жасайды

Олар жіліктен білезік жасаған.

Астана қаласындағы 105 орта мектебінің 8-9 сыныбының оқушылары көркем еңбек пәнінде малдың сүйектерін тазартып ерекше бағалы заттар жасады. Олар сиыр және қойдың жамбас сүйектерін пайдалану арқылы сақина, тарақ және ер қанаты аттың үстінде отырған батыр бейнеленген портет пен жіліктен білезік жасап шығарды. 
Көші қон байырғы замандағы ата-бабаларымыздың кәсібін бүгінгі заманда қайта өңдеп, құнды заттарды жасауды оқушыларға үйретіп жүрген осы мектептегі көркем еңбек пәнінің ұстазы Кеңшілік Серік. Елордаға өткен жылы ғана қоныс аударып келген мұғалім бұл туындыны туған атасынан үйренгенін, ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың қолөнер заттарын бүгінгі жас ұрпаққа көрсетіп, таныстырып, оларды еңбекке баулу мақсатым,- дейді.
Еңбекқор ұстаз бұдан бөлек аз уақытта оқушыларымен бірге ағаштан шағын ғана кигіз үй жасап, балабақша бүлдіршіндеріне сыйлаған.