жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сотталушыдан ақша бопсалаған: түрме бастығы жұмыстан кетті

Сотталушыдан ақша бопсалаған: түрме бастығы жұмыстан кетті
Сурет: sputnik.kz
Бұл туралы Степногорск қалалық соты хабарллады.

Сотталушыдан ақша бопсалаған түрме бастығы жұмысынан шеттетіліп, 45 млн теңге айыппұл арқалады.

Бұл туралы Степногорск қалалық соты хабарллап отыр.

“Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат сотқа өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мекеме бастығы соттың шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыға 6 млн теңгеге мәселесін шешіп беруге уәде еткен. Түрме басшысы ақшаны алу кезінде ұсталды”, – делінген Степногорск қалалық соты хабарламасында.

Сот шешімімен мекеме бастығы жұмысынан шеттетіліп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылған. Сондай-ақ жасаған қылмысы үшін  45 млн теңге айыппұл арқалап отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар