Мөлдір Сүйіншәлі «Біз біргеміз» қорының басшысы Перизат Қайратқа ара түсті
- авторОймақ
- 25 қараша, 2024
- 119
Астаналық кәсіпкер әрі ММ Group басшысы Мөлдір Сүйіншәлі «Біз біргеміз» қорының басшысы Перизат Қайратқа ара түсті. Ол журналистердің басын қосып, Астанада баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
2022 жылы бала емізіп, таксист болған елордалық Әсел Омарованың видеосы көп тараған еді. Оған Перизат Қайрат үй алып беретіні де желіде көп тараған. Assylkhan тұрғын үй кешеніндегі ол үйді MM Group компаниясы салуы керек болған. Компания басшысы Мөлдір Сүйіншәлі 2021 жылы құрылыс басталып, сол үйдің 20 шақты пәтері қайырымдылық мақсатқа бөлінуі керек болғанын айтады. Ал ол пәтерлерді Biz birgemiz, «Наследие» мен Asar Ume қорлары өз тізімдеріндегі мұқтаж жандарға үлестіруге керек болған. Мөлдір Сүйіншәлі сертификат табысталғаннан кейін Әселге үй алып беру міндетін өзіне алған. 2023 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында жалдамалы пәтер ақысын төлеп тұрған.
«Біз пәтер кілті берілгенше Әсел Омарованың жалдамалы пәтер ақысын төлеп жүрдік. Жақында берген сұхбатынан соң ол көмекті беруден бас тарттық. Жалпы, Әселден бөлек төрт адамға дәл солай осындай қолдау көрсетіп келе жатырмыз», – деді Мөлдір Сүйіншәлі.
Мөлдір Перизатқа ара түсіп сөйледі.
«Біз аталған келісімшарттарды қорларға бөлдік. Оған дейін мен онымен (Перизат Қайратпен) таныстым. Біз дос болып кеттік. Себебі ол оңалту орталығын салмақ болған. Шын мәнінде, ол – өте жақсы адам. Не себепті осыншама әңгіме туындап кеткенін түсінбеймін. Менің ойымша, журналистерге барынша әділетті болуы керек. Қазір ол жақта не болып жатқанын білмеймін. Мені ешқайда шақырған жоқ. Қалай десек те, ол игі істерді атқарды», – деді ол Астанада өткен баспасө
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.