Ақтөбеде қайтыс болған сарбаздың анасы ешкімге кінә артпауды сұрады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2024
- 101
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде постта қайтыс болған сарбаздың анасы оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауды сұрады. Ирина Боровецтің бейнеүндеуі aqtobe_sergek парақшасында жарияланды.
"Ұлым сәуірден бері Ақтөбеде әскери борышын өтеді. Кеше қайғылы жағдай болды. Борышын жақсы өткеріп жатқан. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін.
Сондай-ақ оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.