Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Жетісуда жылдар бойы дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысы, Алакөл ауданында қылмыстық топ құрықталды. Олар бірнеше жылдар бойы тепловоздардан жанар- жағармай ұрлап келген. Қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады. Тұтқындалғандар бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды» — делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметте.