
Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші көшірілді
Бүгінгі таңда Алпамыс батыр ескерткішінің орнын ауыстыру жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алпамыс батыр ескеркішінің орнын ауыстыру жөніндегі ұсыныс Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесінен түскен.
Содан заңнама талаптарына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия ұсынысты қарап, ескерткіштің орнын ауыстыруға келісім берген.
«Ауыстырылуы жоспарланған ескерткішті орналастыру бойынша ситуациялық эскиздік жобасы дайындалып, белгіленген орындардың меншік иесі мен координациясы анықталды. Бүгінгі таңда аталған ескерткіштің орнын ауыстыру жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізіліп жатыр. Ескерткіш Шымкент-Ташкент автожолының бойындағы кілт сәулеттік эскизінің жанына орнатылады», — делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
1 мың мектепте PISA зерттеуі жүргізіліп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Президент Исрайл Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторОймақ
- 18 шілде, 2025
Саясат
FIDE World Cup 2025: Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады
- авторОймақ
- 16 шілде, 2025