Руханият

Димаш туға қолтаңба жазудан бас тартты

Димаш телеарна студиясының жанында жанкүйерлерімен кездесті.

Қарашаның 21-і күні Димаш Құдайберген Прагада "Stranger" гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO TV чех телеарнасының студиясына шақырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Димаш телеарна студиясының жанында жанкүйерлерімен кездесті. Өнерпаздың жанкүйерлері сүйікті әртісін көру үшін алдын ала жиналған болатын. Әуел бастан Димаштың концерттерін мүлт жібермейтін Dears пен осы қауымдастыққа біртіндеп қосылып келе жатқан басқа да жанкүйерлердің арасында чех, қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай және басқа да ұлт өкілдері болды.

Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бұдан бас тартты.  

Бағдарлама басталар алдында Димаш жанкүйерлерімен сөйлесіп, қолтаңбасын беріп, жылы лебізін білдірді.