Атырауда бір адам «сібір жарасын жұқтырды» деген күдікке ілінді
- авторОймақ
- 22 қараша, 2024
- 119
«Ауру малды сойып, тасымалдаумен айналысқан 17 адам оқшауланған болатын. Соның ішінде, бір адам бүгін дене қызуының көтерілуіне байланысты №2 Атырау облыстық ауруханасына жатқызылды. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Одан сынама алынды, анализ қорытындысы бір күннен кейін шығады», – деді басқарма өкілі.
Күні кеше «Асыл агро» базарында мал өлімінің екінші дерегі тіркелді. Қазір ол малдың Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылынан әкелінгені анықталды. Жануардың нақты қандай дерттен өлгені белгісіз. Одан да сынама алынды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, сібір жарасына шалдықты деген күдікке ілінген малмен бірге Оралдан 10 жануар әкелінген. Оның сегізін сойған.
Алайда, атыраулық атқамінерлер бұл ақпараттан бейхабар болып отыр. Қазір эпидемиологиялық тексеру және аурудың таралуының алдын-алу шаралары жалғасуда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024