Анасын ұрған ақтаулық қамауға алынды
Қазір күдікті тергеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.
Анасын ұрып тастаған ақтаулық қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz lada.kz- ке сілтеме жасап.
Ақтау полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа күдікпен ұстады. Полицияның мәліметінше, мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген.
“Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды”, – делінген Ақтау қаллалық полиция басқармасының хабарламасында.
Қазір күдікті тергеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.