Әлеумет

Қызылордадағы жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушыға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Бірнеше іс қаралып жатыр.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылорда облысындағы жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады.

Сәденовтің айтуынша, іс бойынша күдікті 13 адам бар. Олардың саны өзгермеген.

– 9 қылмыстық істің 5-і аяқталды. Жалпы бірнеше іс қаралып жатыр. Соңында істер сотқа жіберіліп, нүкте қоямыз, - деді министр.