бейсенбі, 21 қараша, 2024 11:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Перизат Қайраттың қорының Amanat партиясына қатысы жоқ – Бейсенбаев пікір білдірді

Перизат Қайраттың қорының Amanat партиясына қатысы жоқ – Бейсенбаев пікір білдірді
Коллаж Qaz365.kz
Ол тергеу қорытындысы шықпайынша, түбегейлі баға беруге болмайтынын айтты.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Biz Birgemiz Kazakhstan қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, осыған дейін 14 қарашада «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың 1,5 млрд теңге ұрлады деп күдікке ілініп, ұсталғаны туралы жазған едік. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін ақша жинады. Бірақ тергеу мәліметтері бойынша, ол қайырымдылықтың негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен сәнді заттарды сатып алу үшін пайдаланған. Көп ұзамай ерікті Палестинаға жинаған ақшаның 200 млн теңгесін жымқырған деген жаңа деректер пайда болды. Перизат Қайрат қамауға алынды.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутат Елнұр Бейсенбаевтың бұл іске қатысты пікірін біліп көрді. Ол тергеу қорытындысы шықпайынша, түбегейлі баға беруге болмайтынын айтты.

«Әрбір қайырымдылықпен айналысатын адам жинаған қаржының дұрыс бағытта жұмсалуына жеке жауапты. Сондықтан мұндай істер бойынша әділ тергеу жүргізілуі керек», – деді депутат.

Сондай-ақ депутаттан «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорына «Amanat» партиясының қатысы бар-жоғы сұралды. Ол Перизат Қайратты ерікті ретінде ғана білетінін, қорға «Amanat» партиясының қатысы жоқтығын айтты.

«Қордың партияға ешқандай қатысы жоқ. Үш жыл бұрын бұл істі бастаған жігіттер ерікті ретінде белсенділік танытқан. Матюшенко Сергей, Мағзұм Арсланбекпен кезінде өзім бірге ерікті болып жұмыстар атқардық. Кейін олар әртүрлі жетістіктерге жетіп, партияның мүшесі атанды. Бірақ бұл олардың сол кезден бастап партиямен байланысы бар дегенді білдірмейді», – деп түсіндірді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар