Әлем

Газада 100 ден астам бейбіт тұрғын мерт болды

Израиль әскерлері Газада гуманитарлық көмек күтіп тұрған палестиналықтарға оқ атып, салдарынан 100 ден астам адам қаза тапты. Оқиға Газа қаласының оңтүстігінде болған. Жиналған топтың дүрбелеңі салдарынан 700 ден астам адам жараланды.

Израилдіктер 112 адамның өліміне палестиналықтардың бір-бірін таптап кетуі себеп болғанын айтқан. Бірақ  кейін  гуманитарлық жүк тиелген көліктерді қоршап алуға тырысқан палестиналықтарға ескерту мақсатында оқ атқанын мойындады. France Press агенттігі кейбір мәліметтерге  сүйене отырып, израилдік сарбаздар ескерту мақсатында емес, бейбіт тұрғындарды көздеп атқанын жазады. Соның салдарынан жиналған топ дүрлігіп, бірін-бірі таптап кеткен.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра осы оқиға салдарынан 112 адам өліп, 760 адам жаралағанын мәлімдеді.  Ал бұл жағдайдан соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Алжирдің бастамасымен жабық отырыс өткізген еді. Алайда АҚШ-тың қарсы болуына байланысты Қауіпсіздік кеңесі Израильді жауапкершілікке тартатын немесе  айыптайтын қандай да бір құжат  қабылдай алмаған. АҚШ  ақпанның басында да Алжирдің Газада атысты тоқтау  жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған резолюциясына  вето қойған еді.

Фото: REUTERS/Eduardo Munoz

Фото: REUTERS/Eduardo Munoz

Oimaqnews