Саясат

Президент Монако князіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.