Әлем

Арнайы операциялар сарбаздары қаза тапты

Украина қарулы күштері таратқан ресми мәлімдемеге қарағанда сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні арнайы операциялар күштерінің сарбаздары мерт болған. Дәлірек айтқанда арнайы операциялардың 73 ші теңіздік орталығының бірнеше сарбазы қаза тапты.

Ресейлік  арналар сарбаздар Қара теңіздегі Тендеровский мүйісіне десант ретінде  түсірілген деседі. Ресейліктер  мүйіске Украиана сарбаздары 5 қайықпен шабуыл жасағанын айтады. Ұрыс нәтижесінде  төрт қайық жойылғанын алға тартады. Бір қайық  ұрыстан  шығып, құтылып кеткен. «Қарсыластың шығыны 25 адам» деп мәлімдеді ресейлік әскерилер. Дегенмен кейбір ресейшіл телеграм арналары  адам шығынын біршама аз етіп көрсеткен. Шамамен 6 сарбаз мерт болғанын жазып жатқандар бар. Ал оккупациядағы Херсон облысының әкімшілігі украиналықтар PR  жасамақ болды  деген мәлімдеме таратты. 

Алайда Украина қарулы күштері өкілдері оқиғаның мән-жайын толық айтпай отыр. Украиналықтар  сарбаздар арнайы тапсырманы орындағанын,  бірақ шегіну кезінде  тосқауылда қалған  топтың бірқатар сарбазы ерлікпен қаза тапқанын мәлімдеді. Одан өзге дерек жоқ.  

Oimaqnews