Келесі жылдан бастап ҚХР-мен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді
Келесі жылдан бастап ҚХР-мен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді
Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды. Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты. «Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті», — деді министр. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды — 364 705 ШРБ, оның ішінде — 190 000 Қытай бланкілері. Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.