Саясат
Келесі жылдан бастап ҚХР-мен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді
- авторОймақ
- 17 қараша, 2024
- 124
Келесі жылдан бастап ҚХР-мен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді
Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды.
Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты.
«Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті», — деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды — 364 705 ШРБ, оның ішінде — 190 000 Қытай бланкілері.
Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Алматыда тозығы жеткен 34 көпқабатты үй бұзылды
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тектіліктің ең маңыздысы – ең қиын жағдайда адамгершілікті сақтай білу – Нұртөре Жүсіп
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024