жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 19:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әлсіз өнеркәсіп – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" – сенатор Тастекеев

"Әлсіз өнеркәсіп – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" – сенатор Тастекеев
фото: ашық дереккөз
Отандық өндірісті қолдау үшін уақтылы шаралар қабылданады деп сенеміз

Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалында өнеркәсіп өндірісін дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерін көтерді. Депутат қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында елдің өнеркәсіптік берік негізін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің еліміз алдында тұрған қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында өнеркәсіптік өндірісті дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау ерекше маңызға ие. Әлемдегі ең ірі экономикалардың даму тарихы олардың экономикалық күш-қуатының негізі болатын өнеркәсіп салалары екенін көрсетеді. Белсенді қолдау мен мақсатты өнеркәсіптік саясатсыз тұрақты экономика құру мүмкін емес», - деп атап өтті Қайрат Тастекеев.

Сенатор сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы бірқатар мәселелерге назар аударды. Онда шағын және орта бизнес үлесінің жеткіліксіздігі туралы да айтылды. Статистикаға сәйкес, олардың экономикадағы үлесі 36,4%-ды құрайды, алайда жылдық айналымды ескермегенде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Отандық тауар өндірушілерді сатып алуда қолдау көрсету де күшейтуді қажет етеді, себебі алты жыл ішінде ішкі сатып алудың құны небәрі 1,2%-ға өсті. Депутаттың мәліметінше, «Даму» қорының субсидияланған жобаларының 37%-дан астамы саудаға тиесілі, бұл оның экономикадағы үстемдігін күшейтеді.

«Өнеркәсіптік дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеуді, инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін қаржыландырудың жеңілдетілген жағдайларын жасауды, ішкі нарықты жосықсыз бәсекелестіктен қорғау жөнінде шаралар қабылдауды, өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін гранттар мен субсидиялардың тиімді жүйесін енгізуді, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастырып, өнеркәсіп саласында кәсіби кадрларды дамыту үшін жағдайлар жасауды ұсынамын. Ұсынылған шаралар ұлттық экономикаға оң әсерін тигізеді. Отандық өндірісті қолдау үшін уақтылы шаралар қабылданады деп сенеміз», - деп ұсынды депутат.

 

 

 

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар