"Іргетасы қирап, қабырғасы үгітіліп жатыр": Ақтөбе облысында енді салынып жатқан мектептің құрылысы орта жолдан тоқтап қалды
- авторОймақ
- 14 қараша, 2024
- 127
Мектептегі олқылықтарды байқаған ата-аналар оны видеоға түсіріп, тиісті органдарға шағым білдірген.
“Мынау құласа мектептің бәрі құлайды. Бірінші этаж. Екінші этаж. Үшінші этаж қаланған жоқ. Астында цементі жоқ. Топырақпен құйып тастаған”, – дейді ата-аналар.
Іргетасы қаланып, орта жолдан тоқтап қалған мектептің құны 5 миллиард теңгеге жуық.
Тапсырыс беруші "Самұрық Қазына" компаниясының мәліметінше, анықталған ақауларды тексеру үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия құрылған.
“Комиссия құрамына Қазақ көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары кірген. Комиссия шешіміне сай не мектептің іргетасын бекіту жұмыстары жүргізіледі, не болмаса ғимарат толықтай бұзылып қайта салынады. Барлық шығын мердігер компания есебінен өтеледі”, – делінген компания хабарламасында.
Ал құрылысқа жауапты компанияның өкілі кемшілікке жол берген қызметкерлердің жұмыстан шеттетілетінін айтты.
“Осы жұмыстар жасалған кезде сапаға сай емес материалдар қолданды деп ойлаймыз. Енді нақты осы зертхананың шешімі шыққан кезде жұмыстарды әрі қарай жүргізуге дайынбыз. Осының барлығын жөндеу жұмыстары біздің есебімізден жасалады. Қазіргі уақытта бұл мектепте тұтынушыдан біз қаражат алып жатқан жоқпыз”, – деді мердігер компанияның аймақтық директоры Нұржан Жандос.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.