жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 20:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды
фото Қызылорда әкімдігі
Жаңа терминалдың ашылуына ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты.

Сыр өңірінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бой түзеген “Қорқыт ата” әуежайының жаңа терминалы ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа терминалдың ашылуына ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске асырылған жоба өңірдің сауда-экономикалық, туристік әлеуетін дамытуға және халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әуежай кешенін іске қосу әуе айлағының өткізу мүмкіндігін 7 есеге, яғни, жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін арттырады. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес салынған.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында көлік-логистикалық секторды дамытуды стратегиялық басымдық” деп ерекше атап өтті. «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы – өңір үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба. Оны іске асыру қосымша әуе бағыттарды, оның ішінде халықаралық бағыттарды ашуға, транзиттік әлеуетті, жолаушылар мен жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл ішкі туризмнің, сауданың және тұтастай экономиканың дамуына оң әсер етеді. Үкімет бизнестің заманауи, сапалы көлік-логистикалық инфрақұрылымды салу жөніндегі әлеуметтік бағдарланған бастамаларын толық қолдайтын болады – бұл біздің еліміздің болашағына қосылған үлес»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Сыр халқын жаңа терминалдың ашылуымен құттықтай келе,  жобаның іске асырылуын қысқа мерзімде қамтамасыз еткен жандарға алғысын білдірді.

Үкімет басшысы келесі кезекте жолушыларға ішкі және халықаралық рейстердің қызмет көрсету барысымен танысты. Жалпы ауданы 7500 шаршы метр болатын жаңа терминал телескопиялық баспалдақтар, қол жүгін тексерудің автоматтандырылған жүйесі және басқа да озық технологиялармен жабдықталған. Жобаны іске асыруға Болат Өтемұратов қоры әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 20,9 млрд теңге инвестиция салды. Сондай-ақ,  жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, автожол салуға, әуежай аумағын абаттандыруға және жарықтандыруға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Баян Ажмолдаевның айтуынша,  өңірде жолаушылар ағынының жыл сайын  өсіп келе жатқаны ескеріліп, терминалдың межелі  уақытта іске қосылғанын жеткізді. Атап айтқанда, биылғы 9 айда әуежайда 265 мың жолаушыға қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артық көрсеткішке ие. Қазіргі таңда аптасына 26 ішкі рейс жүзеге асырылады. Оның 17-сі Астанаға, 9-ы Алматыға жолаушылар тасымалдайды. Бұған қоса осы жылдың маусым айында Түркияның Анталья қаласына халықаралық чартерлік рейс іске қосылған.

 

Ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов алдағы уақытта Ақтау және Атырау қалаларында қосымша рейстер ашу, сондай-ақ «Қызылорда–Көкшетау», «Қызылорда–Ақтөбе», «Қызылорда–Қарағанды» сияқты әуе бағыттарды әлеуметтік маңызы бар рейстер тізбесіне енгізу жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

«Қызылорда облысы арқылы біз өңірлерді мемлекет тарапынан қолдау шараларының оң нәтижелерін көріп отырмыз. Бүгін жерлестеріміздің арманы орындалып, жаңа әуежай терминалы ашылып отыр. Мемлекет басшысына өңірге ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл әуежай қатынасының сапасын арттырып қана қоймай,  барлық саланың өркендеуіне зор ықпал ететініне сенеміз», — деді өңір халқы атынан сөз алған Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев.

Сыр халқы жаңарған әуежайда жолаушылардың барлық санаттары үшін жасалған қызмет сапасына ризашылықтарын білдірді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар