Қоғам

Уақытты бір сағатқа кері шегеруді ұмытпа!

Ертең Қазақстан  тарихындағы маңызды қадам жасалмақ. Яғни бүгін,  2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні республиканың бірден 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа кері шегереді.

Ертең Қазақстан  тарихындағы маңызды қадам жасалмақ. Яғни бүгін,  2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні республиканың бірден 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа кері шегереді.

Тек Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары өздерінің үйреншікті уақытында қалады, өзге өңірлер солармен теңеседі. Осылайша, Қазақстан жалғыз, бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 

 Министрліктер бұған жол бермеу үшін не істеу керегі жөнінде төл нұсқаулықтарын шығара бастады. 

Мысалы, мамандар бұл күні дұрыс реттелмесе, ақпараттық жүйелерде, ұялы байланыс желісінде, автоматтандырылған өндірістерде кең ауқымды ақаулар болуы мүмкін дейді. Бұған жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық кеңсе, мекеме, бизнес пен жеке тұлғаға бағдарламалық қам­тылымын соңғы нұсқаға дейін жаңартуға кеңес берді.  

Ұялы байланысты  автоматты жа­­­ңарту қосулы болса, уақыт авто­­­­матты түрде өзгереді. Егер олай болмаса, оны қолмен өзгертуге тура келеді.