Шетелге кеткен азаматтар МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ала алмайды
Жоғары аудиторлық палата Денсасулық сақтау министрлігіне берген басқа да тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек алуды болдырмау үшін ақпараттық жүйені жетілдірді. Бұл шара Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.
Белгілі болғандай, мұндай жағдайлар биыл жазда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған. Тиісінше, Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
– Бүгінде «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды медициналық мекемелерден есептен шығару үшін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан тікелей мәлімет алады. Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осындай мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Жоғары аудиторлық палата Денсасулық сақтау министрлігіне берген басқа да тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алды.