Қоғам

Алматының ойын-сауық нысандарынан 114 бұзушылық анықталды

Алматының ойын-сауық нысандарынан 114 бұзушылық анықталды

Алматыдағы ойын-сауық нысандары тексеріліп, 114 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қарашаның 8-нен 9-на қараған түні Алматы қаласының полиция қызметкерлері темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді. — Нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама жасалды. 162 кальян тәркіленді, — делінген хабарламада.