Қоғам

Марат Әйтеновтің қымбат көлігі тәркіленді

Әйтеновтың балаларының алдындағы қарызы 23 млн теңгеден асқан.

Жеке сот орындаушысы Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың алимент бойынша қарызына байланысты қымбат көлігін тәркіледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы таратқан хабарламаға қарағанда, көлік үш балаға алиментті өндіру ісін орындау бойынша айыппұл тұрағына қойылған.

Әйтеновтың балаларының алдындағы қарызы 23 млн теңгеден асқан.

“Аталған автокөлік балалардың алдындағы борышты өтеу үшін электрондық сауда арқылы сатылады” делінген хабарламада

Көлікті сатудан түскен қаржы балаларына берілмек.

Айыпкердің бұрынғы әйелі Дана Әтешова экс-күйеуі осы көлікті жасырып жүргенін, ол жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен ауыз жаласқандықтан, одан көлікті алып қою туралы бұйрықты жеткізбей жүргенін желіде айтқан.