Қоғам

«Абай» шахтасынан 155 кенші эвакуацияланды

Электр энергиясы қалпына келтіріліп, шахтерлер қалыпты жұмыс жағдайына оралған.

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 кенші эвакуацияланды.

7 қараша күні сағат 20:29- шахтада жарық өшіп қалғаны туралы хабар түскен.Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған. Ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне эвакуацияланды”, – деп хабарлады Qarmet компаниясы.

Қазір электр энергиясы қалпына келтіріліп, шахтерлер қалыпты жұмыс жағдайына оралған.