Электр энергиясы қалпына келтіріліп, шахтерлер қалыпты жұмыс жағдайына оралған.
Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 кенші эвакуацияланды.
7 қараша күні сағат 20:29- шахтада жарық өшіп қалғаны туралы хабар түскен.Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған. Ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне эвакуацияланды”, – деп хабарлады Qarmet компаниясы.
Қазір электр энергиясы қалпына келтіріліп, шахтерлер қалыпты жұмыс жағдайына оралған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.