жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 19:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қолма-қол ақша алыңыздар": Хабарламаға байланысты Ұлттық банк мәлімдеме жасады

"Қолма-қол ақша алыңыздар": Хабарламаға байланысты Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Сурет: vkurse.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі жауап берді.

Соңғы күндері WhatsApp мессенджері арқылы қолданушылар алдағы 2 күн бойы бір-біріне шоттан шотқа ақша аудару және картамен төлем жасау мүмкін болмайтынын айтып, қолма-қол ақша алуға кеңес беретіні туралы хабарлама жіберіп жатыр. Бұл хабарламаға Қазақстан Ұлттық Банкі жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізіп жатыр. Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді. Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер қызметі өзгеріссіз қалады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді. Сондай кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022-ні енгізетін демалыс күндерінде енгізеді).

Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар