Астанада ҚМДБ ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Құжат мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды.
Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.
– Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру, – деп атап өтті Батыржан Берденұлы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.