Саясат

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды.

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.