Қоғам

"Егер қылмыс болмаса, әділеттілік өз орнын табады деп ойлаймын" – Айдарбек Қожаназаров

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров белгілі агросарапшы Алмасбек Садырбаевтың ұсталуы жайлы пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров белгілі агросарапшы Алмасбек Садырбаевтың ұсталуы жайлы пікір білдірді.

«Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегеннен кейін бір-бірімізді қолдап жүрген азаматтармыз. Бірақ қазір болып жатқан нәрселер – парақорлық, субсидия ұрлау бойынша құзіретті органдар баға беру керек. Менде ешқандай ақпарат жоқ. Кім болса да, мен болсам да, депутат, министр, Алмасбек болса да, егер осындай қылмыстар орын алса, онда адам жазаға тартылу керек. Ал егер қылмыс болмаса, әділеттілік өз орнын табады деп ойлаймын», –  деді ол Парламентте.

Еске сала кетейік, Алматы облысында субсидия алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерін анықтау барысында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны әшкерелені туралы хабарлаған болатынбыз.