Қоғам

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан

Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. 

Жер асты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі 29 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:48-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афтер сілкініс. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,3. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,4", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.