Саясат

Мемлекет басшысы Сербия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында қайғылы оқиға болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.