"Әндерім ұзақ жатып қалады": Мархаба Сәби шабытты қайдан алатынын айтты
Танымал әнші, сазгер Мархаба Сәби шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын айтты.
Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, шабыттың үстінде жүргенін жасырмады.
“Қазір әлеуметтік желіде екі әнім қатар таралып жатыр. Екі әнді жариялағанда арасында бір ай ғана уақыт өтті. Алайда "Демалам" әнін осыдан бір жыл бұрын шығарғанмын. Кейбір әндер осылай ұзақ піседі. Ұзақ жатып қалады. Бұл әнде көп күттіріп, жарыққа шықты. Қайырмасын шығарып, шумақтарын пісіруге ұзақ уақыт кетуі мүмкін", – деді сазгер.
Сондай-ақ әнші шабытты қызынан алатынын жасырмады. “Қыз-бозбала” әнінің шығуына қызы себепкер болған көрінеді.
“Қыз-бозбала" әні бірден шықты. Мені бұл әнге шабыттандырған – қызым. Менің музам да – қызым. Кейде қызымның шабыты ұстаса, "Мама, жүрші ән айтып берейінші" дейтіні бар. Жаздың кезінде далаға шығып бір ән айтып берді. Осы сәтте шабыттанып, қызымның арқасында осы ән өмірге келді", – деді Мархаба Сәби.