Рысқалиевті іздестіріп жатыр ма – прокуратура жауап берді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жатқанына қатысты түсінік берді,
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жатқанына қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан Әсет Шындалиевке «Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев неге Лондонда арқаны кеңге жайып, бренд дүкендердің жанында фотоға түсіп жүр? Бас прокуратура оны іздестіріп жатыр ма?» – деген сұрақ қойылды.
Бас прокурордың орынбасары құзырлы органдардың келісімі болмаса, жұмыс істей алмайтынын жеткізді.
"Оған сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, бізде Лондонмен сотталғандар беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды", - деді Әсет Шындалиев.
Еске сала кетсек, 2019 жылы Бергей Рысқалиев 17 жылға, оның ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сырттай сотталған болатын.
Ағайынды Рысқалиевтерге мынадай айыптар тағылды: