Әлеумет

Маңғыстау халқы басқа өңірлерге қарағанда етті көп тұтынады

Отандық сарапшылар Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары етті ең көп тұтынатынын анықтады.

Статистика бойынша, әрбір қазақстандық жарты жылда орта есеппен 40 келіге жуық ет жейді екен.

EnergyProm порталының дерегінше, Маңғыстау облысында әр тұрғын орта есеппен 49 келі ет тұтынады. Екінші орында Жамбыл және Атырау облыстары тұр. Ал Түркістан мен Шымкент тұрғындары етті ең аз тұтынатындардың қатарында.

Көбіне қазақстандықтар сиыр етін жейді. Одан кейінгі орында – жылқы еті. Алайда отандастарымыздың арасында қой еті мен тауық еті сұранысқа ие.

Ал былтыр ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 80,1 келі болды.