жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 18:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарашаға арналған жұлдыз жорамал: Кімдер өз мақсатына жетіп, толағай табысқа кенеледі

Қарашаға арналған жұлдыз жорамал: Кімдер өз мақсатына жетіп, толағай табысқа кенеледі
Фото: ашық дереккөз
Астролог мамандардың айтуынша, қараша айы барлық жұлдыз белгілері үшін энергияға және жарқын сәттерге толы болмақ. Келер айда әр жұлдыз белгісінің өмірінде болған бастама ең сәтті болады.

Тоқты

Қараша тоқтылар үшін екіұшты ай болмақ. Жұмыста да, жеке өмірде де уақытша қиындықтар болуы мүмкін. Айдың бірінше жаортысында әріптестеріңізбен жанжалдасып қалу ықтималдығы жоғары. Келіспеушіліктерден аулақ болыңыз. Қол қоятын келісім шарттарға да сақ болғаныңыз жөн. Жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Алайда қатты үміттеніп қалмаңыз, көңіліңізді қалдыруы ықтимал. Жеке өміріңізде бірқатар қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан шыдамдылық танытып, қателеріңізді түзетуге тырысып көріңіз.

Торпақ

Қараша айында торпақтардың жақсы және жағымсыз тосынсыйларға дайын болғаны абзал. Алдағы жағдайлардың барлығы өзіңізге байланысты. Ал жұмыста торпақтарды жақсы өзгерістер күтеді. Қажырлы еңбегіңіздің жемісін көресіз. Десе де, бұл айда сіздің жетістіктеріңізді қызғанып жүрген адамдар, бәсекелестеріңіз бен арам пиғылды жандар пайда болуы мүмкін. Жеке өмірде де айтарлықтай жақсы жаңалықтар болмайды. Жұлдыз белгілерінің басым бөлігі үшін қараша қиын кезең болмақ.

Егіздер

Келер айда егіздердің өмірі шытырман және энергияға толы болмақ. Бірқатар қиындықтарға қарамастан, бәрін оңай еңсересіз. Ең бастысы – алға қойған мақсаттарыңыз айқын болсын. Бірақ ақшаға қатысты дүниелер мен аударымдарды кейінге қалдырған дұрыс. Себебі алаяқтарға ұрынып, ақшаңыздан айырылу ықтималдығы жоғары. Жеке өмірге келсек, сүйіктіңізбен уақытша айырылысуыңыз мүмкін. Ал жұмысыңызда айтарлықтай табысқа жетесіз. Сондай-ақ қараша айы – жұмыс орнын ауыстыруға да қолайлы уақыт.

Шаян

Қараша айында шаяндар энергия мен күш-қуатқа толады. Десе де, әлсін-әлсін жалқаулыққа салынып, ештеңе істегісі келмейтін кездері де болады. Келер айда көңіл-күйіңіз әдеттегіден де жиі түсіп, көп нәрседен үмітіңізді үзесіз. Шаяндарға өзіне ұнайтын, рахат алатын іспен айналысу керек. Осылайша сіз айналаңыздан жаңа эмоция ала аласыз. Қазір жағдайыңызды реттеп, жұмыс ауыстыратын кез емес. Төзімділік танытып, күткеніңіз абзал. Айдың ортасында сізді жаңа таныстықтар күтеді.

Арыстан

Қараша айы арыстандардың жеке өмірінде көптеген қызық сәттер болады. Күнделікті шешілмеген мәселелердің амалын тауып, кейінге қалдырмағаныңыз абзал. Сондай-ақ арыстандарға жұмыста қызық әрі пайдалы ұсыныстар түсуі мүмкін. Айдың екінші жартысында жылжымайтын мүлікке, жөндеу жұмыстарына, алып-сатуға, тұрғылықты жеріңізді ауыстыруға қатысты мәселелерді шешуге қолайлы уақыт болады. Отбасыңыздың қолдауымен кез келген қиындықты жеңесіз. Жақындарыңыз – сіздің сенімді тіреуіңіз, соны естен шығармаңыз.

Бикеш

Қараша – бикештер үшін тыныш және үйлесімді ай. Келер айға бикештер жөндеу жұмыстары, сапарлар мен білім алуды жоспарлай алады. Жалқау болмай, батыл қадам жасап, алға ұмтылыңыз. Сонда бәрі міндетті түрде орындалады және сіз өз мақсаттарыңызға жетесіз. Айдың бірінші жартысында денсаулығыңызға, тамақтануыңызға, отбасылық мәселелерге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Таразы

Таразылар қараша айының бірінші жартысында-ақ жұмыстағы қарбаласқа, жанжалдарға тап болуы мүмкін. Денсаулыққа қатысты мәселелер туып, өз-өзіне сеніміңізді жоғалтып алуыңыз ықтимал. Маңызды мәселелерді қарашаның екінші жартысына қалдыруға тырысыңыз. Әйтпесе проблемалардың шешімін табамын деп әбден шаршап қалуыңыз мүмкін. Айдың екінші жартысында көптен күткен сәттілік пен қаржылық табысқа кенелесіз.

Сарышаян

Келер айдың бірінші жартысы сарышаяндар үшін  жұмыстағы қарбаластан басталады. Сондай-ақ жұмыс сапар кезінде қосымша қиындықтар мен қаржылай шығындар болуы мүмкін. Ал қарашаның екінші жартысы кез келген мәселені шешуге қолайлы кезең. Тоқтап қалмай, үнемі қозғалыста болыңыз. Өз дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді көрсетіңіз, сонда ғана сәттілік сіздің жағыңызда болады.

Мерген

Қараша мергендер үшін тамаша ай болмақ. Мергендер көбірек ел назарында болуға ұмтылады. Сондай-ақ келер ай бұл жұлдыз белгісі үшін бақытты әрі қуанышты сәттерге толы болмақ. Қараша айында рухани жаттығулармен айналысқаныңыз дұрыс. Атап айтқанда, йога, медитация, тыныс алу жаттығулары және тағы басқа. Қараша айында тұрақты табысқа кенелесіз. Жеке өміріңізде романтикалық қарым-қатынас басталады.

Тауешкі

Қараша – тауешкілер үшін қиын кезең. Айдың бірінші жартысында жұмыста әртүрлі қиындықтар тууы мүмкін. Мұндай жағдайда тауешкілер өз қабілеттеріне көбірек сенім артқаны дұрыс. Ал жеке өмірінде тауешкілерді кармалық жағдайлар күтеді.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін өзгеретін уақыт келді. Өзіңізге, ішкі жан дүниеңізге көңіл бөліңіз. Неден арылуға немесе өміріңізде нені өзгертуге дайын екеніңізді ойлаңыз. Шкафтарды тазалап, қажет емес заттарды тастап, үй шаруасымен айналысуға уақыт бөліңіз. Жеке өміріңізде кенеттен жанжал туып, түсініспеушілікке тап болуыңыз әбден мүмкін.

Балықтар

Үнемі қозғалыста жүрген, жұмысбасты балықтар үшін қараша сәтті ай болмақ. Балықтарға жаңа әрі қызық мүмкіндіктер ашылады. Алайда асығыс шешім қабылдамаңыз, бәрін мұқият ойластырып, ой елегінен өткізіңіз. Қаржылық жағынан балықтарда ешқандай қиындық болмайды. Керісінше, өнімді жұмыс істеп, кірісін арттыруға мүмкіндіктері бар. Айдың бірінші жартысында балықтар өзінің денсаулығына көбірек уақыт бөлгені абзал. Спортпен айналысып, артық жүктемелерден аулақ болыңыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар