Қоғам

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару ісіне қатысты қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты

Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару ісіне қатысты қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, -   деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілерге.

Айтуынша, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арыз берген.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол ұсталған кезде 20 жаста болған. 2015 жылғы маусымда Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды.