Бес түрлі сот-медициналық сараптама тағайындалды – Талғат Уәли
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Талғар оқиғасы бойынша тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Талғар оқиғасы бойынша тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
«Тергеу мүддесіне орай істің толық мән-жайын айта алмаймыз. Бес түрлі сот-медициналық сараптама тағайындалды. Олар: мәйіттің экспертизасы, сол жердегі шыққан өрттің себептерін анықтау экспертизасы, фото-техникалық экспертиза, молекулярлы-генетикалық экспертиза, биологиялық экспертиза. Сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілді. Қалғандары зерттеліп жатыр”,– деді ресми өкіл.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді. Шерзат Болаттың өліміне қатысты 11 күдікті ұсталды.