Руханият

Ақұштап Бақтыгереева әнші Мақпал Жүнісоваға сақина сыйлады

Халық әртісі жеке парақшасында алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

Белгілі ақын, сазгер Ақұштап Бақтыгереева халық әртісі Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Биыл танымал ақын 80 жасқа толды. Мерейтойына орай, кеш жасап,  зиялылардың басын қосты. 

“Айналайын, дами беріңдер! “Әкемнің құрдасының қолынан алдым” деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер”, – деді ақын.

Халық әртісі өзінің парақшасында ақын апасына ризашылығын білдірген. 

“Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін”, – деп жазды әнші.