"Қорғау ойға қонымсыз": Бишімбаев сотына қатысты Аймағамбетов пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты ойын айтты.
Журналистер депутат Асхат Аймағамбетовтен әлеуметтік желілерде Бишімбаевты қорғап жатқан блогердің әрекетіне қатысты ойын сұрады.
Аймағамбетов бұл іс Президенттің бақылауында екенін айтып, әділетті шешім болатынына сенім білдірді.
Депутаттың сөзінше, еліміздің заңнамасына сәйкес егер алқа билері соты заңсыз шешім қабылдайтын болса, ол шешімді қайта қарап, заңдылықты орнатуға мүмкіндік бар.