Қызылордада өз қатарласын абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылордада өз қатарласын абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Биыл ақпан айында 9-сынып оқушысы үйіне жақын жерде өлі табылған болатын.
- Кәмелетке толмаған айыпталушы жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Күдікті жәбірленушінің кеуде тұсынан екі рет ұрып жіберген. Салдарынан оқушының жүрегі тоқтап, оқиға орнында мерт болған. Кәмелетке толмаған айыпталушы кінәсін толық мойындамады.
Сараптама нәтижесіне сәйкес жәбірленуші соққыдан физикалық жарақат алған, - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кәмелетке толмаған айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.