Әлем

Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

Қыркүйек айында олар 114 беттен тұратын және 35 баптан тұратын ізгілік туралы жаңа заңдарды жариялады.

Ауғанстанда Талибан әйелдерге қоғамдық орындарда ерлермен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды.

Жаңа заңға сәйкес, әйелдер дауысын басқа ересек әйелдер еститін жағдайлардан аулақ болу керек. Сонымен қатар басқа әйелдердің қатысуымен Құранды дауыстап оқуға да тыйым салынған.

Еске сала кетейік, тәліптер 2021 жылы билікке келгеннен бастап Ауғанстанда әйелдерге білім алуға, спортпен айналысуға, ер адамсыз саяхаттауға, сұлулық салондарына баруға тыйым салған болатын.

Қыркүйек айында олар 114 беттен тұратын және 35 баптан тұратын ізгілік туралы жаңа заңдарды жариялады.