Спорт

Ризабек жеңісінен кейін жанкүйерлеріне рақметін айтты

Чемпион 23 жасқа дейінгілер арасында әлем біріншілігінде топ жарды.

Еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан отандастарына алғыс айтты.

20 жастағы спортшы карьерасында үш санат бойынша әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін былтыр ересектер арасында, биыл тамыз айында 20 жасқа дейінгілер арасында, енді, міне, 23 жасқа дейінгілер арасында әлем біріншілігінде топ жарды.

Ал әлеуметтік желіде спортшы жанкүйерлерін рахметін айтты.

"Құттықтап жатқан еліме мың алғыс! Алла разы болсын! Алға, Қазақстан", - деп жазды ол.