Интернет-казино белгілері бар ресурстар тізімі жаңартылды
ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
«Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды», — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.
Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.
Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Астанада лифт ішінде қалып қойған 3 адам құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған
- авторОймақ
- 3 қараша, 2024