Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды
Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды
Алматыда ер адамдар арасында жанжал шығып, азаматтардың бірі ауруханаға түсті. Желідегі мәліметке сәйкес, кикілжің кезінде күдіктілердің бірі пышақ қолданған. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады. - Бостандық аудандық полиция басқармасы денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс емес ер адамдар арасында жанжал шыққан. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.