Қоғам

Еліміздің сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде  ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл  жүктемесі сегіз тоннадан асатын көліктерге әсер етеді,

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде  ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл  жүктемесі сегіз тоннадан асатын көліктерге әсер етеді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

 

Ведомствоның айтуынша,  бұл республикалық жолдарды сақтау үшін жыл сайын енгізілетін тәртіп.

1 наурыздан 1 сәуірге дейін бесінші жол климаттық аймағы деп аталатын өңірлерге  кіретіндерге шектеулер енгізіледі. Оған: Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары кіреді. 

Шектеулер 23 наурыздан 1 мамырға дейін күшінде болады.