сейсенбі, 5 қараша, 2024 21:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Есірткі жарнамаланып таратылатын 16 телеграм-арна бұғатталды

Есірткі жарнамаланып таратылатын 16 телеграм-арна бұғатталды
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады. Бұл туралы Бас прокуратура ақпарат таратты, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды. 

«Сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды. Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады» - делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар