Руханият

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Конгресс кітапханасына кітаптар тапсырды

Бұл шара – АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен қолға алынған жыл сайынға дәстүр.

25 қазан Республика күніне орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын – АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырды.

 

Атап айтқанда, Конгресс кітапханасының қорына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы дайындап, шығарған Oxford Qazaq Dictionary сөздігі, ағылшын тіліндегі Абай шығармаларының жинағы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты дайындап шығарған «Ұлы дала ойындары» және «Қазақтың отбасы фольклоры» деп аталатын еңбектер қосылды. Бұған дейін Конгресс кітапханасына ағылшын тілінде шыққан «Қазіргі қазақ прозасы» және «Қазіргі қазақ поэзиясы» атты антологиялары тапсырылған еді. Бұл шара – АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен қолға алынған жыл сайынға дәстүр.